Дизайн
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.[1]1928 ж. АҚШ-та пайда болды. [2]
Дизайнның қалыптасуы
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Қолөнер және дизайн
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]"Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды. Ақын және дизайнер Вильям Морис 1880 жылдары фабрика бұйымдарына қарсылығын білдірді. Ол қол өндірісіне қайта көшу үшін "Өнер және қолөнер" қозғалысын бастады. Шансорғыш сияқты алғашқы электр құралдары көрер көзге кескінсіз болды. Қәзіргі уақытта біз үй құралдарының тек жақсы жұмыс істейтініне ғана емес, үй ішіне үйлесімділігіне де мән беріп жатамыз, соңдықтан дизайн - қазіргі тауарларды шығарудың маңызды қасиеті.
Дизайн өнері
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады.[3] 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.[4]
Дизайн түрлері
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]
- Анимациялық дизайн – қозғалмалы бейнелер мен мультипликациялар жасау (мультфильмдер, видеоинфографика, интерфейс анимациясы).
- Сәулет дизайны – ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы түрі, функциясы және контекстік үйлесімділігі.
- Веб-дизайны – веб-сайттардың визуалды көрінісі, құрылымы және пайдаланушы тәжірибесін (UX) жобалау.
- Графикалық дизайн – баспа (кітап, журнал), жарнама (плакат, логотип) және цифрлық (соцжелілер контенті) медиа үшін көрнекі коммуникация.
- Интерьер дизайны – ішкі кеңістікті функционалды, эргономикалық және эстетикалық тұрғыдан ұйымдастыру.
- Киім дизайны – киім, аяқ киім және аксессуарлардың үлгілерін жасау.
- Ақпараттық дизайн – күрделі деректер мен ақпаратты көрнекі түрде (диаграмма, карта, инфографика) енгізу.
- Ландшафтық дизайн – ашық аумақтарды (бақ, саябақ, үй қоры) жоспарлау және сәндеу.
- Баспа дизайны – басылымдардың (кітап, газет, журнал) беттерін, макетін және типографикасын жобалау.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9