Колумбит
Көрініс

КОЛУМБИТ(АҚШ-тағы Колумбия өзені атымен аталған) – күрделі оксидтер класының минералы. Химиялық формуласы (Fe, Mn) (Nb, Ta)2 O6. Ромбылық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары призма, жұқа пластинка немесе жапырақ тәрізді болады. Түсі қара, қоңырқай қара, қаттылығы 6 – 6,5; меншікті салмағы 5,2 – 6,4 г/см3. К. пегматиттердегі гранитоидтардың метасоматикалық өзгеруінің нәтижесінде түзіледі. Ол ниобий кентасының негізгі минералдарының бірі. Колумбиттің ірі кен орындары Нигерияда орналасқан.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |